Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.06.2022
102
Қаламымды қоямын қарауылға
Арызданған,
ашынған
елім үшін,
Алынбаған қасымнан кегім үшін,
Жауыздықпен алысып-тартыссам да,
Маған өмір сыйлайды жеңілісің.
Жауыздықтың жазмышы үстем екен,
Құбылады сайтаның, күшпен бөтен.
Шамам бар деп жатпай ма кесірткелік,
Жолыңдағы жыланды үшке бөлсең.
Адамға арман болдыртып ұстатпайды,
Біреуге бас, біреуге құрсақ қайғы.
Əділеті аз жерде жауыздық бар,
Жолбарыстай жонын да сипатпайды.
Жауыздықтың десек те жолы тұйық,
Жабысының жортады жалын түйіп.
Қаламымды қоямын қарауылға,
Кетпесін деп сол сұмның оғы тиіп.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter