Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  113


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Жәкеңе

Ассалаумағалайкүм!
Ел ағасы,
Мен де бір сынық қанат бал арасы.
Білмедім кіп-кішкентай жүрегіме,
Алтайдың жетіспейді неге ауасы.
Өтсе де мұнша қысым, мұнша жазым,
Жүрсем де ортасында кіл сабаздың.
Оң көзбен қарамады бірде-бірі,
Сіз тұрғанда кімге енді мұң шағамын.
Жанымның сілкінісін ұқпай, сірə,
Дейді мені: жүресің бұлттайсың да.
Ақынын ақымағындай танымаған,
Мыналарға
Жəке, бір ұрыспайсыз ба?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу