Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.06.2022
120
Жаза алмай жүрмін жақсы өлең
Жыр жолын ерте-ақ бастап ем,
Кездерім көп қой шалдыққан.
Жаза алмай əлі жақсы өлең,
Ұялып жүрмін халықтан.
Бұл сапар мені мұңайтпақ,
Болғанмен шөл де, көл де өлең.
Лəззəт таппай, шын айтсақ,
Жолаушы жолда шөлдеген.
Ақындар көп-ақ, ақберен,
Із қалар нағыз алыптан.
Жаза алмай əлі жақсы өлең,
Ұят та болды-ау, халықтан.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter