Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  109


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Жақсылардың қымбаты

Жүк салатын нар жоқта,
Түске кірер көш күнде.
Кейбіреуді бар, жоқ па,
Елемейді ешкім де.
Өнерлінің алды арман,
Тыным таппас пəниде.
Ел-жұртына арналған,
Аты қалар əн-күйде.
Жаттанды боп мыңға аты,
Орын алар төрден де.
Жақсылардың қымбаты,
Биіктейді өлгенде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу