Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  153


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Мұқағали мен алатау

Ақын деп Мұқағали Мақатаев,
Тарих шал алмапты қата танып.
Қазақтың мұңлы-күйлі ақынының,
Жүр қазір дүниеде аты аталып.
Елім деп еңіреген қайран ақын,
Ала алмады кезінде бəйге алатын.
Секілді күндес əйел-күншіл дүние,
Досы да, қасы да оның мол болатын.
Жаршысы бола жүріп ұлы істердің,
Қалсын деп тірлігімнен тыныс белгім.
Жыр жазды ол Есенинше есіп жүріп,
Жастанып өзен, тауын, жыр үстелін.
Сырқатпен меңдетсе де қуғын тірлік,
Биікке бəрінен де бұрын шығып.
Кетті ақыры ешкімге ұқсамаған,
Алатауға айдарлы туын тігіп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу