Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.06.2022
110
қыз-көктем
Табанынан сыз өткен,
Кетті де қыс жөтеліп.
Келді ауылға қыз – көктем,
Қозы-лағын көтеріп.
Қызғалдағы қаз тұрып,
Көрінді ыстық қыр маған.
Тырна белде шақырып,
Қуы көлде жырлаған.
Ауыл маңы дыр-думан,
Түлік ерткен төлдерін.
Жеңгем: ал дейді уыздан,
Жақсы болды келгенің.
Биылғы мол өнімнің,
Өркені бар өңінде.
Көктемі де елімнің,
Тартқан екен өзіне.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter