Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.06.2022
95
Жыр шолпаны
Жыр шолпаны Мүтəлліп,
Көтерген ту ғып атыңды.
Қабырыңа гүл тағып,
Күрсінді қазақ ақыны.
Болмадың мынау шағымда,
Басыңа күміс қар қонып.
Өлеңнің алтын тағына,
Шығар ең əділ хан болып.
Азаттық үшін қанжілік,
Болды да жаның жантайды.
Бірақ та, атың мəңгілік,
Ұрпақпен бірге жасайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter