Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  112


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Қашқар

Сəлем, Қашқар1, ғапу ет,
Жыр жазбасам ершімді.
Ұлы ғалым Махмұт –
Қашқаридың бесігі.
Салиқа мен Сəменнің,
Мекенінен келдім мен.
Ғарып пенен Сəнамның
Көрісуге елімен.
Құмар едім даңқыңа,
Құсым ұшқан көңілден.
Сəлем Қашқар халқыңа,
Ертіс, Іле, Емілден.
Қазақ, ұйғыр ежелден,
Бал жаласқан дос елміз.
Бізге ортақ тау, өзен мен
Ғимаратты көшеміз.
Ортақ көңіл күйіңде,
Қуаныш пен құсалық.
Жыр жазған қазақ үйінде,
Жауынгер ақын Мүтəлліп.
Қашқар қызы гүл ерін,
Тəттісін-ай назыңның.
Тоқыған қалы кілемің,
Төсегінде жарымның.
1 1983 жылы Шынжаң жазушылар қоғамы бір топ ақын-жазу шыны Оңтүстік Шынжаңға өмір үйренуге аттандырды.
Жақсы екен ғой жөн білген,
«Барың» дейсің құдағи.
Нəшпүт пенен əнжүрді,
«Алың» дейсің құдағи.
Төркін жұртын сағынған,
Келіндерім қуанар.
Өлең үзіп бағыңнан
Əкетейін құдалар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу