Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.06.2022
120

Көктоғайға
Сəлем саған, Көктоғай,
Дарқан елім майталман.
Келіп қалдым көп қарай,
Сағынышымды айта алман.
Туған жері шешемнің,
Алдымен бас иемін.
Қызы екен ғой осы елдің,
Таныр ма екен жиенін.
Күйеу бала атанып,
Келген жері əкемнің.
Сол əкеден бата алып,
Немересін əкелдім.
Кезім ғой бұл еркіндер,
Шығайыншы шырқап құз.
Анам қайда,...төркіндер.
Мың жасайтын ұрпақпыз.
Көркіне елтіп далаңның,
Жаным күліп қуанған.
«Келдің бе» – деп – қарағым,
Шығар екен кім алдан?!
Салт бойынша бар шығар,
«Қырық серкеш» аласым.
Демеңдерші азсынар,
Дарын берші, нағашым.
Əкелмедім жетекті,
Оқалаған тон бүгін.
Осы өлеңім есепті,
Орамалым – жолдығым.
Ұлы тауда ұларың,
Марал өрген балалап.
Қанарма екен құмарым,
Кезейінші аралап.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter