Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.06.2022
117
Қара таяқ
Қиялымды тауға да, сайға сүйреп,
Оқушы кез сызатын айға сурет.
Мамыр мейрамы мамыражай келген күні,
Қырға тарттым, ауылым қайдасың деп.
Танауға ұрып жусанның иісі əтір,
Тігілгендей далаға алтын шатыр.
Сағынышым кеудемнің қуысынан,
Бозторғайдай пырылдап ұшып жатыр.
Жаңалығын Сарсүмбе сыйлай беріп,
Бір басыма тұр еді сыймай бөрік.
«Қара таяқ» болыпсың шаш қойып деп,
Əкем ұрсып,
Құйқамды қырды-ай келіп.
Мен əкемді демеймін ескішіл ер,
– Шашта не тұр,
айтты ақыл кешкісі кеп:
– Қара таяқ халыққа болмау үшін,
Қарын шашыңды алған ғой ес білсін деп.
Қам-қайғысыз ол менің сейіл күнім,
Қылығына əкемнің кейіп жүрдім.
Қара таяқ дегеннің не екенін,
Кейіп жүріп өмірге кейін білдім.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter