Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  141


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Құстар қайтты

Құстар қайтты жез қанат,
Жон Алтайды сауырлай.
Қарашада көл қалад,
Қыз ұзатқан ауылдай.
Ақ моншағы үзіліп,
Құлазыды ақ айдын.
Құстар қайтты тізіліп,
Қырау шалып самайын.
Сұр мерген жол торып,
Ат айылын босатты.
Ақ қайыңдар қол созып,
Аққуларға қош айтты.
Киіз үйді шалмалап,
Ұйтқиды жел қырына ап.
Тұрды келіншек жол қарап,
Жұп аққуды ырымдап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу