Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.06.2022
441
Албырт көңіл қашанда алаңдамай тұрмайды...
Албырт көңіл қашанда алаңдамай тұрмайды,
Аңғал жүрек сондықтан қайта-қайта жырлайды.
Бұрын саған жүз айттым тағы да бір айтайын,
Он жыл бұрын осыдан болып өткен бір жайды.
Бір ағамыз болатын жауқазындай көктеген,
Әттең-әттең сол жігіт жиырма беске жетпеген.
Сүйгенінен айырылып мерт еткелі ол өзін,
Ғашықтарды айырған азғындарды жек көрем!
Уәдемде тұрып мен көңіліңді жықпайын,
Тойға арнаған анамның үлестіріп құрт-майын.
Екі жүрек арасын кім бүлдірсе от тастап,
Арам қанын мен оның арақ қылып ұрттайын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter