Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.06.2022
103
Ана
Көктен тамған тамылжыған шуақтай,
Мейіріңнен көктеп өстім құрақтай.
Ана Сенің ақ сүтіңнің тамшысы,
Бейіштегі Кәусар атты бұлақтай.
Жанарыңнан тамылжыған таң атар,
Жүректерге жан шуағын таратар.
Ауызыңнан шыққан әрбір лебізің,
Пайғамбардың дұғасына пара-пар.
Жұлдыздардан сімірмек шуақты,
Көкті кездім мініп көңіл пырақты.
Аңғал басым аңғармадым неліктен,
Аяғыңның астындағы жұмақты.
Жаратқанның қаламынан нұр тамып,
Сол тамшыдан Сенің Бейнең туды анық.
Төгіледі Сенің айдай Бейнеңнен,
Адасқанға Һақ жіберген нұр жарық.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter