Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  132


Автор: Мақсат Әлсейітов

Тағы да бір ұйқысыз түн өткердім...

Тағы да бір ұйқысыз түн өткердім,
Түн ұйқысыз өткен соң жүдеп бердім.
Сезер едің жанымды, сезер едің,
Телефоны болғанда жүректердің.
Телефоны болса ғой жүректердің,
Келер еді әр күнді бір өткергің.
Қадам басу алдыға мүмкін емес,
Тұрғандаймын үстінде қыл өткелдің.
Көз ілмедім тағы да таң атқанша,
Дидарыңа тоймадым қарап қанша.
Осы азапты сыйлаған шығар бәлкім,
Ақын қылып тағдырым жаратқанда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу