Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.06.2022
121
Мен – Мүліктің перзентімін...
Мен – Мүліктің перзентімін,
Мүлік – менің анам-ды,
Онда жүрсем мен білмеймін жақсы менен жаманды.
Мүлік – менің кең пейілім,
Мүлік – менің дарқаным,
Мүлік – менің жарық күнім,
Онсыз өмірім қараңғы!
Мүлік – менің сырласатын аңқылдаған достарым,
Мүлік – менің балдәуренім,
Мүлік – менің жас шағым.
Мүлік – менің алтын ұям, балапаны мен оның,
Алғаш рет сонда көрдім туған жердің аспанын.
Мүлік – менің махаббатым,
Мүлік – менің аяулым,
Қызылқұмның етегінде шалқып жатқан бай
ауылым!
Сенің қала болуыңды армандаумен жатып мен,
Сенің қала болуыңды армандаумен ояндым.
Жас жүрегім жанып барад, Мүлік, сені сүйгеннен,
Бақыттымын бір сен үшін өтсе өмірім күйбеңмен.
Сенің бір де аруыңды өзгелерге қимайтын,
Мендей ессіз ақымақты бұрын-соңды кім көрген?!.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter