Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.06.2022
102
Өмір-өзен өріне...
Өмір-өзен өріне,
Құлаш ұрсаң еді ғой,
Сәл іркіліп, апатай,
Тұра тұрсаң еді ғой!
Мына тойдың ішінде,
Болып кетсең еді ғой.
Келініңнің дидарын,
Көріп кетсең еді ғой.
Немереңді бесікке,
Бөлеп кетсең еді ғой.
Одан кейін,
Армансыз,
Жөнеп кетсең еді ғой...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter