Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  131


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Бір жағынан қарасаң

Бір жағынан қарасаң –
Кəдімгідей тəп-тəуір;
Бір жағынан қарасаң –
Əлі күнге тым ауыр.
Тырбаңдаған тірлігім.
Былай тартсаң –
Арба мұң,
Былай тартсаң –
Өгіз мұң,
Ұзатпайды қарға адым,
Шиырынан көп іздің.
Бір күнге сын бір күнім.
Теріскейі тұнып тұр,
Күнгей беті аңызақ.
Бір шумақ жыр қылықты,
Сыланады таң ұзақ –
Сілемді де қатырып.
Желкілдейді желменен,
Көңілімнің құрағы.
Көп күткізіп келмеген,
Шабыт та шарқ ұрады,
Шартарапқа шақырып.
Шыға алмайды атылып,
Екі ұдай... тақырып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу