Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.06.2022
129
Дос іздейміз
Дос іздейміз
Бөсіп жүріп жан-жақтан,
Қас іздейміз
Көшіп жүріп қаңбақша.
Жауды жасқап,
Адал досты тапқанша
Тоспайды ғой қысқа ғұмыр шаңдатқан.
Сөзің бостан,
Не десең де мейілің,
Бекершілік заманға да көнесің.
Жан беріскен достығыңды күні өткен,
Дұшпаның да ашық айтпас пейілін.
Бас ауырмай шаруасы жоқ Құдаймен,
Күн кешесің
Ығай менен сығаймен.
Достықты да,
Қастықты да жеткізер,
Байқамастан айтып қалған сыңаймен.
Түсінемін:
Көңіл – жүдеу,
Көзің – сыз,
Шығатұғын қортынды да төзімсіз:
Жұмыр басты пенде болып жаралған
Дос та өзіңсің,
Жау да жетпес...
Өзіңсіз!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter