Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  112


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Қылыш емес...

Қылыш емес,
Қалам алып қолыма,
Жырдан шашу шаштым жұрттың жолына.
Бұрымдайын
Жырым ғайып бола ма,
Қаптап жатыр,
Таптап жатқан оны да,
Кейімедім бірақ та,
Налымадым жылап та.
Найза емес,
Намысымды жаныдым,
Қазағымның қайнаған соң қаны мың.
Батыс бұрып,
Шатыс жүріп кетпеуге,
Ғаламдасу ниетін де таныдым.
Жүнжімедім бəрібір,
Жүдетпеді кəрі жыр.
Жебе емес,
Нысанаға сөз аттым,
(Сөз қадірі қашқанының өзі-ақ мұң!)
Елдігімді шығармаған есігі
Енді қайтіп ашылмасын тозақтың!
Дəстүрімді діттесем,
Рухымды тіктесем!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу