Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  151


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Ақша қар...

Ақша қар,
Аппақ, ақ қар-ау,
Малынды саған бақ пен бау.
Аппақ боп жата алмассың,
Саған да жұғар дақ бар-ау?!
Пəктiкке əлем зар ма екен,
Ақтықтың шегi қар ма екен?!
Жалғанда жалғыз кiршiксiз,
Адастырмайтын Ар ма екен?!
Түсiңе еш жоқ таласым,
Санамда ақ боп қаласың.
Адамның жанын ағартшы,
Тазартып көңiл наласын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу