Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  104


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Беделді ме

Беделді ме –
Танысуға асығып,
Шайқақтаймыз бірде олай,
Бір былай.
Жылы күле қараған қыз – ғашығың,
Тиянақсыз тірлік-ай!
Өзіңді өзің алдай салу оп-оңай,
Сенудің де толып жатыр амалы.
Жүргенің сол:
Бұйдаланған ботадай,
Түсінісіп жатқаның да шамалы.
Бірін – байлық,
Бірін – шайлық өсірген,
Кеудесіне біреуінің нан пісіп.
Аршысаң да ажырамас кесірден,
Өмір емес,
Өткен күнің аңдысып!
Себеп таппас…
Қуануға шынымен,
Бақталастық шырмауынан шықпаған.
…Жоқ, мен, əлде,
Уақыттың мұңы ма ем,
Заманының «заңдылығын» ұқпаған?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу