Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  117


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Алыс жолда тоқтамадым, ыңғайлы деп бұл ара...

Алыс жолда тоқтамадым,
ыңғайлы деп бұл ара,
Қиналсам да боқтамадым,
соттамадым,
сынама!
Ел бiрлiгiн ойлап едiм,
жан ышқынып,
жасындап,
Сол арманым қайда менiң
орындалмай, тына ма?!
Заманалар жөңкiледi:
Кiмсiң,
Қанша – бəрiбiр.
Ер батқанмен мөңкiмедiм,
көнбiстiгiм – дəрi-дүр.
Жəй боқтау да,
Ғайбаттау да
көсегенi көгертпес,
Бастар алыс айлақтарға
желкендi жыр –
кəрi жыр …




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу