Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  131


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Талтүс

Ақсары талтүс.
Тымырсық.
Аңызақ қолқа қабады.
Тіршілік біткен ыңырсып,
Көлеңке іздеп табады.
Алтындай күннің жалқыны,
Қуырып жатыр,
Қуырып,
Сағынтып күздің салқынын,
Санада самал суырып.
Ақ шыбыш қана шыбындап,
Бір сəтке тыным таппайды.
Төрт түлік құрлы тыным ап,
Байыз да тауып жатпайды.
Үлп етпейді-ау ши біткен,
Ауа да қалғып кеткен бе?
Шіркін-ай!
Желдей жүйрікпен,
Жетер ме ем желпіп…
Тепсеңге?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу