Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.06.2022
128
Жексенбі еді...
Жексенбі еді,
Отыр едім оңаша,
Есік қақты қайыр сұрап бір жігіт.
Қымтырылып,
Қысылған жоқ ол аса,
Алланы атап,
Қол жаяды үздігіп.
Құндақтаулы сəбиі бар қолында,
Дорба арқалап далада жүр анасы.
«Тəжік…
Босқын…
Құдай…» сөзі оның да,
Тəжік емес,
Сығаны-ау, шамасы?..
Бəрі бір де,
Маған оның ұлты да,
Нəрестені саудалауы күйдірді.
Берген дəмді қақшып алды,
Ұмтыла,
Жаратқанға мені тағы сүйдіріп.
Бетін сипап,
Өтті сосын көршіге,
Сəби-байқұс су сұрайды шөлдеген.
Құдайдан да,
Елге тілеп «тершімей»,
Өз бақытын сұрамайды ол неге?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter