Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  140


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Тағдырды тiлдеп қайтесiң...

Тағдырды тiлдеп қайтесiң,
Тарта бер алға,
Тіресіп!
Емес-ау ол да жай шешiм,
Кетесiң…
Ашық тұр есiк.
Күткендей тосын сырқатты,
Əуре де болма,
Сабылып.
Жүректiң əнiн шырқап бiр,
Жүргенiң артық сағынып!
Өмiрдiң өрен күшiндей,
Көңiлдiң туын жықпа сен.
Көлеңке барын түсiнбей,
Шуақты күндi ұқпас ең.
Ғұмырда –
Қамшы сабындай,
Сыйласып өту – борышың.
Ендеше, босқа сабылмай,
Сүюiң керек оны шын.
Тек сонда ғана жалғанға,
Сенуiң мүмкiн тiк тұрып.
Онсыз да сырқат арманға,
Қайтесiң кесел жұқтырып?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу