Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  112


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Ей, Өмір, саған ғашықпын!

Ей, Өмір, саған ғашықпын!
Сезімнің мəні əріде:
Құшуға əзір,
Асықпын –
Өзіңде бардың бəрін де.
Көлеңке түспес көңілге,
Қиналып жаным,
Күйемін.
Гүл өскен өртең өңірдей
Мұңыңды қоса сүйемін!
Құтылу қашып қиыннан,
Ойыма менің келмейді.
Сенікі:
Жүрек,
Миым да,
Аңсарым-дағы өлмейді!
Əй, қайдам,
Тіпті, білмеймін,
Сүйе алар сені мендей кім?!
Ойласам көз де ілмеймін,
Сағыныш болып селдеймін.
Өзгертіп тағы жібермен,
Жалпақ та жұртты таң қылып.
Үзілмес əсте күдер де,
Құштарым менің мəңгілік!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу