Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  92


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Сүйемiн мен

Сүйемiн мен
күздiң түнгi аспанын,
Сан жұлдызын
шебер шашып тастаған.
Қиял құсы
сол бiр сəтте қас қағым,
Шетсiз-шексiз
армандарға бастаған.
Қаз бауыр бұлт
сұлбасынан сыз өткен,
Көштi баяу
сылқым ғана тербелiп.
Тү-ү-у алыста
Ай ғана тұр күзетте,
Құс жолы да
жөңкiлгендей желге ерiп.
Дала тұман,
бау да тұман,
айнала,
Тау мұнартар
ертоқымын жастанып.
Сүйем ерен
күздiң түнiн жайнаған,
Сүйем сенi,
туған жердiң аспаны!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу