Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  132


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Сайыңда сипап өтер самал тынған...

Сайыңда сипап өтер самал тынған,
Сары қыз,
Сарыөзегiң аман тұр ма?
Сендерге жеткiзбеген жолға налып,
Сарытап сағыныштан сан алқынғам…
Сары жон,
Сары жылға,
Сары сағым…
Сан ойлап,
Санамменен жарысамын.
Сарсаңға түсiредi тапшы уақыт,
Сазымен тербетедi таныс əнiң.
Сары жел, Сары əуен, Сары қыр да,


Селт етпес сайын сурет кəрi сырдай.


Сыбырлап сынған қурай сыр шертедi,
Сезiмнiң жанарында – бəрi тұнған.
Сары гүл, Сары селеу, Сары өңiр,


Сəулесiн сепкен соң Күн – жарық өмiр.


Сыздаған атып болмай сары таңға,


Сынаптай сырғақтайды сары көңiл.
Сабырсыз сана жiбiн үзбейдi шым,


Сомдалған сары нұрдан күздей мүсiн.


Сол жiгiт көптен берi соқпады-ау деп,


Сендер де саяқ ұлды iздеймiсiң?!
Сұлу көз,
Сырлы жанар шарасындай,
Сарыда алтынға тəн жарасым бар.
Сағыныш,
Сезiм,
Сенiм –
Сары бəрi,
Содан ба,
Сағындырып барасыңдар?!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу