Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.06.2022
105
Арналған саған жырым...
Арналған саған жырым,
Алтын далам,
Ойымда оттай болып жалқындаған.
Өзіңнен сынық сүйем ұзар ма едім,
Сеніммен жүк артпаса халқым маған?!
Еңсемді көтерейін кеңдігіңмен –
Рухыңнан айналайын сарқылмаған!
Самал жел сыңғырлаған сырға ма екен,
Келбетің сырға мекен,
Жырға мекен.
Үш жылда үш ғасырлық сағым кештім,
Шаңыңа шыбын жаным құрбан екен!
Жанарың жүрегімде сағыныш боп,
Сығалап санамнан да тұрған екен…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter