Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.06.2022
114
Менің үйім
Менің туған үйім бұл,
Тілім шыққан былдырлап.
Терезенің түбінде
Қалың жапырақ сыбдырлап.
Аптап бүркіп жел енсе,
Күн шыжғырып жанады.
Нән дарақта – көлеңке,
Дихан сая табады.
Сосын, кетпен салады ел,
Өңдеп таудың етегін.
Күз келгенде қара жер
Берер еңбек өтеуін!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter