01.06.2022
232
Инстаграмда бизнесті дамытуға арналған 40 кеңес.
- Оқырмандар санын көбейтетін хештегтерді қо- юды ұмытпаңыз. Мысалы: #instafollow, #l4l (Like for like), #tagforlikes және #followback.
- «Like» басуды ұмытпаңыз. Бизнес аккаунтта әр басқан 100 лүпілге, сіздің парақшаңызға орташа есеппен 6 жаңа оқырман жазылуы мүмкін.
- Конкурс ұйымдастырыңыз. Ең тиімді талаптар: парақшаға жазылу, бірнеше досты белгілеу, сто- ристе бөлісу. Нәтижесінде сіздің парақшаңызда жоқ жандар да конкурсыңызға белсенді түрде қатыса бастайды.
- Өзіңіздің бизнес парақшаңыз жайлы басқа да әле- уметтік желілерді бөлісе түсіңіз. Тіпті бизнесіңіз жайлы пост жазып, тіркелуге шақырыңыз.
- Комментарии мен лүпілді аямаңыз. Бұл жаңа оқырмандарды шақырудың жақсы әдісі.
- Іздеу жүйесінде жылдам табылатындай өзіңіздің салаңызға қатысты танымал хештегтерді қолда- на біліңіз.
- Инстаграмдағы зерттеу нәтижесі бойынша по- стты түскі ас уақытында, сондай ақ жұмыс аяқталған уақытта салған дұрыс.
- Танымал хештегтерді пайдаланатын аккаунт- тарға жазылыңыз (#followme, #likeforlike), себебі дәл сол хештегті қолданатын оқырмандардың басым көпшілігі сіздің де парақшаңызға тіркеледі.
- Сан емес, сапа маңызды екенін әрдайым есте сақтаңыз! Парақшаңыздағы қажетсіз ақпарат- тарды өшіруге тырысыңыз.
- Өзіңіздің парақшаңызға жиі талдау жасаңыз. Әсіресе оқырманның қай уақытта, қай күндері белсенді екенін нақтылап алғаныңыз абзал.
- Авторлық сипаттаманың (шапка профиля) тол- тырылғанын, керек ақпараттың, сілтеме мен байланыс нөмірлерінің дұрыс екеніне көз жет- кізіңіз. Оқырман сіздің парақшаңызды қараған- да байланысу жүйелерінің жылдам жұмыс істе- гені сенімділікті ұялатады.
- Мақсатты аудиторияның қызығушылығын анықтау үшін сұрақ қоя біліңіз.
- Жексенбі күні инстаграмыңызды жандандыра түсіңіз. Дәл осы күні оқырмандар көп отыра- тындықтан, сіздің постыңыздың да қаралымы көбірек болады.
- Кімге және не үшін парақшаны жүргізіп отырға- ныңызды анықтап алыңыз. Дәл осы сұрақтарға жауап тапқанда, сіздің де аудиторияңыз көбей- еді.
- Оқырмандарды іске көшіріңіз. Олардың сіздің постыңыздың астына пікір жазуын сұраңыз. Әдетте пікір санын арттыру үшін сұрақ қойып, сол сұраққа түрлі нұсқалар жазып қойсаңыз бо- лады.
- Жиі пост салуға қорықпаңыз. Аудиторияңыз ба- сында белсенді болмаса да, сіздің парақшаңыз жұмыс істеп тұрғанын білу керек.
- «Instagram» сізге ұсынып тұрған (Рекомендуемые пользователи, интересные люди) парақшаларға жазылыңыз.
- Бизнес жүргізіп отырғаннан кейін міндетті түрде геолокацияны белгілеуді ұмытпаңыз.
- Күнделікті не жазатыныңызды жоспарлаңыз. Контент-жоспарды тиімді пайдаланыңыз.
- Танымал блогерлер мен жұлдыздар арасында байланыс орнатып, жарнама жасауын сұраңыз.
- Зерттеу нәтижесі бойынша, қызыл немесе жа- сыл түстерден қарағанда көк түсті сурет 24%-ға көбірек лүпіл жинайтындығы дәлелденген. Көк түсті дизайнерлік пост ойлап тауып, нәтижесін тексеріп көрсеңіз болады.
- Әр сәрсенбі сайын пост салуды әдетке айнал- дырыңыз. Себебі апта ортасында жарияланған ақпарат көп қаралым мен лүпіл жинайды.
- «Пікір білдіріңіз» дәл осы сөйлемді пост асты- на жиі қолданыңыз. Оқырмандарды өз ойымен бөлісуін сұрасаңыз, міндетті түрде комментарии саны артады.
- Фото таңдағанда, бет келбетіңіз анық көрінетінін таңдаңыз.
- Фотоға міндетті түрде оқырмандарды белгілеңіз. Себебі «отметка» лентасынан достарыңыздың парақшасынан басқа жандар да сіздің постыңы- зды көре алады.
- Қанық, ашық түстерді пайдаланыңыз.
- Бизнесіңізге жеке өзіңізге ғана тән хештег ойлап табыңыз. Сіздің тауарыңызды пайдаланған оқы- рман міндетті түрде сол хештегті пайдалана ала- тындай болуы керек.
- Live форматта түсірілген фото-видеоны жиірек пайдаланыңыз. Сол арқылы оқырманға бір қадам жақындай түсесіз.
- Бизнес-айла: сіздің тауарыңызды сатып алған тұтынушының суретін өзіңіздің парақшаңызда жариялаңыз. Нәтижесінде ол оқырман парақ- шасында өз суретімен бөліседі. Сондай-ақ, бұл сіздің әр клиентті бағалайтыныңызды көрсетеді.
- Бренд болуға талпыныңыз. Бизнесіңіздің ата- уын, логотипін қалам, блокнот, киімге пайдала- нуға тырысыңыз.
- Facebook парақшасындағы достарыңызды да бизнес аккаунтыңызға тіркелуге шақырыңыз.
- Оқырмандар stories көргенді ұнатады. Күнделікті ойыңыз бен тауар жайлы ақпаратты бөлісіп оты- рыңыз. Бірақ ол міндетті түрде эмоцияға толы болуы керек.
- Stories-те де адамдарды белгілеуді ұмытпаңыз.
- Оқырмандардан лүпіл басуды сұраудан ұял- маңыз. Тәжірибе жүзінде дәл осындай посттар 89%-ға көп лүпіл жинайды.
- Алдын ала уақытты да, контентті де жоспар- лаңыз. Бірнеше күнге ерте материалды дайын- дап, оларды уақытпен реттеп жариялаңыз.
- Мотивацияға толы цитатамен пост салу оқыр- манды жігерлендіреді.
- Телефондағы байланыс нөмірлеріне тіркелген аккаунттарды да тауып, тіркелуге тырысыңыз.
- Сіздің бизнесіңізбен айналысатын бәсекеле- стерді де назардан тыс қалдырмаңыз. Олардың жұмысын саралап, үнемі бақылауда ұстаңыз.
- Басқа парақшалармен серіктестік орнатыңыз. Өзіңіздің оқырмандар санымен тең парақшаны тауып байланыс орнатыңыз. Ортақ жеңілдік, акция ұйымдастырыңыз.
- Челленж, вирустық видео таратуға ізденісте бо- лыңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter