Қуырылған жүгері (попкорн) сату
Қуырылған жүгері көбіне маусымдық кәсіп бо- лып саналады. Бірақ көше саудагерлері, азық-түлік дүкендері, сауда орталықтары мен ойын-сауық ке- шендерінде жыл бойы жұмыс жасап, табыс табуға бо- лады.
Бұл бизнес:
- балалар аттракциондары;
- мәдениет саябақтары;
- спорт сарайлары;
- ойын орталықтары;
- сауда кешендері мен супермаркеттер жанындағы негізгі, дербес және қосымша табыс көзі болуы мүмкін.
Жүгері сатумен айналысу үшін сізге келесідей жұмыстарды жасау қажет:
- Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу;
- Орынжайды табу;
- Қажетті құрал-жабдықтарды алу (жабдықтарды көбіне АҚШ, Қытай, Еуропа және Ресей өндіреді. Ең қымбат және сенімді жабдықтар түрі американдық техника болып саналады)
Шикізат. Попкорн сатуда біршама материалдар қажет. Попкорн үшін негізгі шикізат: арнайы сортты жүгері және өсімдік майы. Жүгері дәмін келтіру үшін тұз, қант, дәмдеуіштер, карамель, басқа да дәмдік қоспалармен жасайды.
Шикізат пен дайын өнімді сақтауға ерекше назар аудару керек. Жүгері кеуіп кетпеуі үшін жабық пакеттерде сақтаған жөн.
Дайын өнімді өткізу. Попкорнның дәмі ғана емес, оның сыртқы қаптамасы да өте маңызды. Түрлі дизайндағы пакеттер, қорапшаларды пайдалану арқылы өз саудаңыздың түсімін көбейтуге болады. Starbucks-тағыдай қорап сыртына сатып алушының есімін жазып берсеңіз, бұл да бір ерекшелік болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter