31.05.2022
  337


Автор: Ескен Елубаев

ҚОЙ ДЕГЕНГЕ ҚОЙМАҒАН СОҢ..

Шектен шыққан ала бөтен,
Балтай қорқақ бала екен.
Өңi кетер сұп-сұр болып,
Десең:
– Ине салады екен!
Аласұрып класында
Жаңа ғана жүрген едi.
Əлгi хабар расында,
Үрейiн ап, үндемейдi.
Жүрек жоқ-ау түймедей де,
Қорқып отыр инеден де.
Жыламаған бала едi
Жығылғанда түйеден де!
Дiр-дiр етiп дауысы да,
Сөз түспей тұр ауызына.
Сұрайды ұстаз:
– Не болды? – деп, –
Немене, сен ауырдың ба?..
Бұзылыпты түсiң, – дейдi,
Ұнамай тұр iсiң, – дейдi.
Дем заматта не болғанын
Мұғалiмi түсiнбейдi.
Балтайға бұл жаман батқан,
Үрейiн ап алаңдатқан,
Мəз болады парталасы
Əлгi өтiрiк хабарды айтқан.
Асыр-тасыр ойнаған соң,
Қой дегенге, қоймаған соң,
Шiңк-шiңк етiк мазасын ап,
Айтқан сөзге болмаған соң.
Бiр қулыққа барып едi,
Сырына оның қанық едi,


Парталасы Балтайды бiр
Өстiп жөнге салып едi.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу