Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
31.05.2022
196

ЫЗАҚОР
Су басына
Күшiк жеттi.
Жеткен бойда
Жүзiп кеттi.
Су басына
Мысық жеттi.
Келген бетте
Жүзiп өттi.
Бұзауың да,
Құлының да,
Келген жоқ-тын
Бұрын мұнда.
Сонда да олар
Бiрден малтып,
Су бетiнде
Жүрдi қалқып.
Бəрiн көрiп
Жақып отыр,
Ала көзбен
Атып отыр.
Екi көзiн
Сүзедi кеп:
«Малтуды ешкiм
Үйреткен жоқ,
Бұлар қалай
Жүзедi?» – деп.
Малтуды олар
Бiлiп туған,
Соған жаны
Күйiп тұрған.
Сонда деймiз,
Жақып неттi?
Жүзбекшi едi,
Батып кеттi.
Бұл өмiрде
Адам үшiн
Бəрi қиын,
Соған түсiн!
Ескен Елубаев тақпақтары ескен елубаев балаларға арналған тақпақ балабақшаға арналған тақпақ ызақор су Күшiк
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇