31.05.2022
  139


Автор: Ескен Елубаев

ШОФЕР

Бiз тұрған қалада
Көше кең,
Адам көп.
Бiрақ та, алайда,
Машина одан көп.
Бiреуi бiрiне
Жол берiп,
Жол ашқан.


Бiреуi бiрiмен
Жөн сақтап санасқан.
Барлығы аман-сау
Соғыспай жүредi.
Шоферлар қалайша
Ұғыса бiледi?
Шоферлар бiр тiлдi,
Бiлер деп түсiнем.
Көшеде бiр-бiрiн
Ұғысар iшiнен.
Сыйласа бiлген мен
Əдептi, тəртiптi,
Шоферден үйренген
Бəрiңе жөн тiптi.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу