Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
31.05.2022
290

ОРМАНШЫ
Қалың ағаш iшiнде
Орманшының тұрағы.
Елiктер
Су iшуге,
Үйiне кеп тұрады.
Сайрап, басып күйiне,
Құстар кеңес құрады.
Кейде орманшы үйiне
Аю мойнын бұрады.
Орманшының қолынан
Бұлан жем жеп кетедi.
Желе жортып соңынан
Түлкi-дағы өтедi.
Ормандағы аңдарды
Орманшылар қорғап жүр.
Аң торитын жандарды
Жолатпайтын қорған бұл.
Күзетте жүр сол үшiн,
Қоритыны аңдар ғой.
Ең қауiптi ол үшiн
Аң торитын жандар ғой.
Ескен Елубаев тақпақтары ескен елубаев балаларға арналған тақпақ балабақшаға арналған тақпақ орманшы орман ағаш
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter