Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
31.05.2022
229

ЛОТЕРЕЯ БИЛЕТI
Сатып алды көкесi
Лотерея билетiн.
– Машина ұтсам, – деп өзi,
Арман етiп жүретiн.
– Болса көлiк өзiңде,
Ұзармай ма қолың бiр.
Осы ұтыстың кезiнде
Болса екен жолым бiр! –
Өстiп өзi үмiт қып
Шалықтаған күйiнде,
Асып-тасып күпiнiп,
Отырды ол үйiнде.
Мамасы айтты:
– Көкесi,
Неге қызды шекең? – деп, –
Болмасты айтып кетесiң,
Кiлем ұтсаң жетер, – деп.
Жiгiт болған баласы
Килiктi осы тұста кеп.
Айтты өз ойын таласып:
– Мотоцикл ұтса, – деп.
Мына менiң өзiм-ақ
Айдап оны жүретiн...
Келiп тұрған кезiм-ақ
Мотоцикл мiнетiн...
Ұтыс ұтып алардай
Лотерея билетi.
Əркiмнiң-ақ қалардай
Орындалып ниетi.
Кенже ұлы қалмайтын
Қапталдасып ондайда,
Айтты өзiнiң арманын:
– Сағыз ұтса, болмай ма?!
Ескен Елубаев тақпақтары ескен елубаев балаларға арналған тақпақ балабақшаға арналған тақпақ лотерея Билет
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter