31.05.2022
  307


Автор: Марат Нұрқалиев

Келесі кезек кімдікі?..

Kөп кipicпe сөзсіз кipiciп кетер болсақ, күндердің бip күнінде редакцияға Алматы облыстық орман шаруашылығы басқармасының бас- тығы Г.А. Серещев жолдас келіп:



  • Айналайын «Аражан»! Анау Прибалхаш орман шаруашылығының директоры Мұсабеков деген аламанның аяғын аспаннан келтіріп, арамыз- дан аластап бермесең, орман орнатамыз деген арманымыз адыра қалар түpi бар! – деп көз жасын көл қылды.

  • Сонда?..

  • Мұсабековтің мінін мүсіндейтін бip құшақ фактіңіз бен актіңіз мінеки... Солай да солай, Мұсабеков өзіне хан сарайын салдырып алды, заңсыз тәсілмен «Волга» мінді, әйеліне жасырын айлық жазды, Құрақов


 


деген орманшыны жұмыстан жазықсыз қуды, ақшаның бәрін асап қойды, қысқасы, жалмауыздық жасап қойды...


Сөйтіп, лауазымды адамның сөзіне, кағаздарындағы мүләйім мөрге тілшіміз күмәнданбады да, дүниеге «Егер мен директор болсам» деген фе- льетон келді («Ара», № 3, 1985 ж.)


Сонсоң бip күні редакцияға әлгі Мұсабековтен қиянат көрген А. Құ- рақов келе қалды да:



  • Айналайын «Аражан»! Менен бip қате болды. Біреулердің азғы- руына елігіп, Мұсабековты тектен-текке жамандап қағаз жаздым, оңбай қателестім. Маған Ошуров пен Мергенбеков келіп, Серещев саған сәлем айтты, осылай да осылай деп құлағыма құйды кеп, құйды кеп... Әзәзілге ергенімді ақты қара дегенімді енді түсініп, міне, сіздерге де, облыс, рес- публика басшыларына да хат жазып, кeшipiм сұрап келіп отырмын, – десін.


Біз ары ойланып, бepi ойланып, Қазак КСР Орман шаруашылығы министрі А. Зайцев жолдасқа телефон соқтық:



  • Фельетонға орай қайтарған жауаптарыңыз екіұшты сияқты. Қайта 6ip ораламыз-ау осы, – дедік.

  • Ол өзі – болары болып, бояуы сіңген ic. Оны қайта қозғамаған дұ- рыс, – деді министр...


Десе де, мен «болары болғанның» ақ-қарасын анықтап келуге арнау- лы тілшімді аттандыруды жөн көрдім.


«АРА».


Облыс орманын жайқалтудың тізгінін қолға алмас бұрын Георгий Андреевич Серешев төрт жылдай сол Прибалхаш механикаландырылған орман шаруашылығының директоры болған еді. Осы уақыт ішінде себілген сексеуіл мен отырғызылған ағаштардың жыл сайын шамамен 200 гектар- дайы, ал кей жылы түп-түгел көктемей тып-типыл қалып жүрді. Колхоз, совхоздардың жеріне егіп берген шыбықтарынан тіс шұқитын шырпы да шықпады. Оның сол «іскерлігін» аса жоғары бағалаған министрлік ол кісіні 1977 жылы облыстық басқарма бастығының креслосына әкеп қонжитты. (Балқаш бойы қурап, мүлде құлазып қалмай тұрғанда, аман- есенінде аулағырақ әкетейік деген ниеттен туған іс пе, кім білсін?..)


Оның орнына облыстық партия комитетінің ұсынысы бойынша Қанапия Мұсабеков директор болды. Оған дейін «тарынып келген» табиғат аяқ астынан ағыл-тегіл жомарттана жөнелді...


Жаңа директордың тындырымдылығы оның алдында басқан жеріне шөп шықпай қойған облыстық басшының тынысын тарылтты. «Қайтеді-ай өзі?.. Жоғарыға талап қойғыштығы тағы бар. Лауазымды сыйлап, именіп    жасқануды білмейді былай. Асауын-ай! Асауға тұсау керек!» – деп түйді іштей Серещев.


Келер жылы облыстағы орман шаруашылықтары екі-екіден бірік- тіріліп, ірілендірілді де, Прибалхаш шаруашылығы екіге бөлініп, қосым- ша Күрті шаруашылығы құрылды. Оған Прибалхаштың 188 мың гек- тар жерінің 180 мың гектары берілді де, өзіне небары 8-ақ гектары қалдырылды.


Мұсабеков мұңын шағып басқармаға келіп еді, маңдайы тасқа тиді, бірақ тауы шағылмады. Облыс теріс қараған соң, министрлікке қайта- қайта барып жүріп, 44 мың гектар жерді ақыры қайтарып алды.


Қамыс буып, себет тоқумен шаруашылық есептің шырайын шығара қою қиын, әрине. Бұдан гөрі бір ауқымды іспен шұғылдану қажет болды.


Осы арада Мұсабеков республика үкімет орындарының орман шаруа- шылықтарымызда киіз үй жасау цехтарын ашу туралы ресми документ- тері барын есіне түсірді.


Кезінде осы шаруашылықты басқарып жүргенде Серещев: «Оған қажетті шикізат – тал жоқ» деп, документті жылы жауып қойған-ды. Ал іс жүзінде Іле бойынан жылда 200 мың тал дайындалып, шарт бойынша 1979 жылға дейін Қырғызстанға жөнелтіліп тұрды. Алайда жаңа директордың ол ниетіне облыстық басқарма оң батасын бермеді. Бірақ «мазасыз» Мұсабеков тастабандап тұрып алды. Ақыры Тоқмақ қаласындағы киіз үй зауытына тәжірибе алмасуға адам жіберіп, одан станок алдырып, 1981 жылы қажетті цехты ашты-ау. Бұрын шатқаяқтаған шаруашылық енді жылына 275 мың сом кіріс кіргізетін болды. Тек Серещев пен кейбіреу- лер оған қуана қоймады. «Мұсабеков сияқты тентекті тәубеге тез келтір- месе болмайды» деп шешті де, олар іске қызу кірісіп кетті. Әлдекімдерді азғырып айдап салумен ағыл-тегіл арыз жазылып, түймедей кінә түйедей етіліп көрсетіліп, жоқтан бар жасалып, «айғақ документтер» аудандық партия комитетіне аттандырылып, оның ақыры Мұсабековке қатаң сөгіс бұйырумен тынды. Апырмай-ай, сонда бұл аудандық партия комитетінің алғысы мен қарғысы қатар жүретін болғаны ма?! 1983 жылғы толағай та- быстары үшін шаруашылыққа аудандық партия комитеті мен аудандық атқару комитетінің ауыспалы қызыл туын табыс еткендеріне жыл да толған жоқ еді ғой?.. Және бір ғажабы – ондағы жауапты жолдастар Мұсабеков тұрған үй Серещевтің бұрын өзі тұрған үйі екенін, оның басқа жақта кең сарайы түгіл, күркесі де жоқ екенін, ал «Волганы» ол сол Серещевтің өз қолымен 1982 жылдың бірінші ақпанында аупарткомға жазған №10-3/97 қолдау хаты бойынша қабылданған шешімге сәйкес алғанын, Құрақовтың кәсіподақ жиналысында коллективтің талабы бойынша жұмыстан шыға- рылғанын тексертіп жатпады.


 


«Шап-шағын шаруашылықтағы Мұсабеков киіз үй цехын ашып, абы- ройлы болып жатқанда бүкіл бір облысты билеп отырған мен тоқалдан туыппын ба?» деген ой бір күні Серещевтің намысына найза сұқты. Ендеше бір бастама керек деген беймаза ой басына берік енген бастық әр шаруашылықта бар омарталарды иіріп биедей байлап, балдан бұлақ ағызбақ болды. Сөйтті де, кереге көктеуге қимаған қыруар қаржыны омар- та комплексін орнатуға төкті. Әйтсе де, бұл «бастама» баянды болмады, омарта оңбай қойды. Бірақ оған қынжылған бастық жоқ, 1984 жылы омар- таларды қайтадан шаруашылықтарға таратып бере салды.


Сонсоң Түрген, Шелек орман шаруашылықтарына төпеп-төпеп қар- жы бөліп, жеміс-жидек шырынын өндіретін цехтар ашып еді, шырында- тамыз деген екі директор шырылдап сотталып кетті.


Жалпы облыстық басқарма ауқымындағы саяси-тәрбие жұмысы, бас- шы кадрларды іріктеу мәселесінің хал-ахуалы олай да бұлай деп әзірше кесіп айта алмаймыз. Дегенмен Пригородный, Түрген, Шелек, Кеген, Таушелек, Бақанас, Күрті шаруашылықтары директорларының айналасы бір жылда орындарынан алынып, жауапқа тартылып кете барғаны ойлан- дырады. Бәрі де қаны сорғалаған қылмыскер болғаны ма? Бұл жайт облыс пен министрлік басшыларын ойландырмағаны ма? Сондай «бұл болмаса күл болсынның» салдарынан Мұсабековке де құрық салынды десек ше? Алдап-арбауға жем болған А. Құрақов оның үстінен арыз жазды. Ошу- ров деген орманшы беттің арын белбеуге түйіп «ойбай, пара бердім!» деп шыға келді. Сонсоң Мұсабековтың өзі аяқ астынан оқуға жіберіліп, ол жоқта басқарма партия ұйымының хатшысы М. Хаджиев бастаған топ шаруашылықты шырқырата тексеруге аттандырылды. Мұның ал- дында басқарманың бас бухгалтері А. Старченко жолдас нысанадағы Мұсабековтың тырнағы астынан кір таба алмағаны үшін «өз еркімен» ке- туге мәжбүр болған-ды.


Қысқасы, Мұсабеков шаруашылық қаржысын желге шашқан бере- кесіз делініп, қызметтен босатылып, ісі сотқа тапсырылды. Ал сол кез- де шаруашылықта есеп-қисапты електен өткізіп отырған бас бухгалтер Т. Алексеева, неге екені белгісіз, назардан тыс қалды. Айтпақшы, оның ар-ұятқа кереғар қылықтары кәсіподақ ұйымының кезекті мәжілісінде қаралғалы жатқанда, Серещев оны облыстық басқармаға жоғарылатып, басбух етіп алып кеткен екен ғой...


Сөз жоқ, Серещев жолдас – қарамағындағы директорлардың шаңын шығарып қоймаса, тәбеті бұзылатын тынымсыз жан. Әттең, сол іскерлік қабілетін тым құрыса Іле және Николаев орман шаруашылығындағы суландыру жүйелерінен неге тамшы тамбай тұрғанын, оған жұмсалған 157 мың 905 сомның қай құмға сіңіп кеткенін анықтауға жаратса еді!


 


Қаржысы желініп, құрылысы салынбаған ол жүйелер әлі күнге Прибал- хаш орман шаруашылығының мойнында.


Прибалхаш орман шаруашылығы, міне, осындай халде. Мұсабеков секілді «асаудың» құйрық жалы күзеліп, аяғына шідер салынды. Ендігі кезек кімдікі екен?..


Марат Нұрқалиев,


«Араның» арнаулы тілшісі,


Алматы облысы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу