Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
31.05.2022
344
Таныстырып ұлт -ру, бабамызды...
Таныстырып ұлт-ру, бабамызды,
Табыстырып бала мен баламызды.
Тозғындаған ұрпақтың басын қосып,
Жалғап жатыр бұл дəуір арамызды.
Хат алмасып қауышып, сыр сұрасып,
Бір күннен де жолымыз бір күн ашық.
«Жоғалып табылғандай» дейтін қайда,
Жатырмыз жаңа ғана шұрқырасып.
Шыдаған тозаққа да, азапқа да,
Биліксіз көнген талай мазаққа да.
Бүгіндер есін жиып ерікті ел боп,
Күн туып келе жатыр Қазаққа да!
Болса ұрпақ ұлтын білмес тексіз егер,
Тəңірім, түзу жолға бет түзе көр!
Ұзағынан бұл күнді баянды ғып,
Жақсылыққа əмəнда жеткізе бер!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter