Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
31.05.2022
538

Бойдақпен әңгіме
– Ал бойдағым, нендей ғана ойың бар,
Бізге қашан жасап берер тойың бар?
– Алдымды орап ақ балтырлы қайыңдар,
Бойдақтықты қимай жүрген жайым бар.
Ақша бұлттың ар жағында Айым бар,
Адасып қап таппай жүрген жайым бар.
– Гүл солмай ма қуарған бөз секілді,
Күн батпай ма суалған көз секілді.
Жалқы жүрсің, жалаң төсек, жыр бағып,
Жақсы жардың қызығынан құр қалып.
– Қайдан білдің, бəлкім азат жүрмін бе,
Жаман жардың күйігінен бір күнге.
Беу, жүректен хабар келсе, тойым бар,
Оған дейін мазаламай қойыңдар
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇