Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
31.05.2022
149

Уланбатор
Менің Уланбаторым бас қалам - ау,
Қанат жайған көркейіп баспана, бау.
Азияның төсіне алғаш рет,
Қызыл ту боп қадалған астанам-ау!
Сен тұрғанда басқаша күй іздемен,
Күй іздемен өзгеден сый іздемен.
Мəрмар тасқа айналып шыға келді,
Кешегі дұшпан күлген киіз денең.
Дəл халқыңдай кең қолтық қала мына,
Табылар ма əлемнен, қарағым-ау!
Ватикандай бүтін бір мемлекет,
Сиып кетер бір ғана алаңына.
Көп-көгілдір, тұп-тұнық аспаны анау,
Еш қалаға бергісіз баспана, бау.
Париж, Лондон, Римдей жаутаңдатып,
Көк тиын тілетпеген астанам-ау,
Менің Уланбаторым, бас қалам-ау!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter