Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
31.05.2022
232
Бұлғыным - менің айдыным
Мейманым менің келіп көр,
Оңынан туып ай күні.
Толықсып жатқан көрікті ел,
Бұлғыным - менің айдыным.
Урианхай, қазақ қол ұстап,
Жарасып бақыт тапқан жер.
Баурына қала қоныстап,
Төсіне орден таққан жер.
Қайырмасы:
Бұлғыным менің əн-күйлі,
Бақыттан көңіл шалқиды,
Қызыққа тола жайлаудан,
Қымыздың иісі аңқиды.
Көңілден табы кеткен жоқ,
Көзіңді салсаң өткенге.
Қан, терін бекер төккен жоқ,
Кешегі Зия, Өткерме.
Талайға бұл жер арман жер,
Тебісіп теңдік алған жер.
Анамның жасы тамған жер,
Бабамның басы қалған жер.
Қайырмасы:
Бұлғыным менің əн-күйлі,
Бақыттан көңіл шалқиды.
Қызыққа тола жайлаудан,
Қымыздың иісі аңқиды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter