Өлеңдер ✍️

  31.05.2022
  200


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Көбелек қуған көп күндер

Ақ көбелек, көк көбелек көп қуыппыз
көктемде,
Көлбең-көлбең гүлге қонып
қырқаны асып кеткенде.
...Есейдік те мұрт шираттық,
бір аруға қырындап (Балалықтың көбелегі қонды алаңсыз
шырынға).
Қыз емес-ау, ақ көйлекті, көк көйлекті
көбелек,
«Қон көбелек, қолыма кеп», - тағы
қудың не керек.
«Қон көбелек» əніміз боп айтып тындық
үйлендік,
Үйлендік те тағы бір күй, тағы бір əн
үйрендік:
«Əлди-əлди, ақ көбелек, көк көбелек,
əлди-ай,
Қанатың жай, бар, ұша ғой гүл
бəйшешек алдың-ай»
Көбелегің көлбей ұшып, шырын қуып
кеткенде,
Көп күрсініп қала бердің көзің тігіп
көк белге...
Ақ көбелек, көк көбелек, көбелек
қуған көп күндер,
Мынау, көзден бұлбұл ұшып қайда ғана
кеттіңдер?!
Қайран сексен, қалт - құлт еткен бүгін
өзің - Көбелек,
Сен де бір күн бұл дүниеден ұшасың - ау
не керек!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу