Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
31.05.2022
144
ТАБЫҢДАР
Асан-Үсен екеуi
Тату-тəттi дос едi.
Көңiлдерi қош едi,
Екi қолы бос едi.
Отырған соң зерiгiп,
Бiр ермектi тауыпты.
Бiр-бiрiне керiгiп,
Ерегiсiп қалыпты.
Асан айтты:
Алманың пiскенi маған,
Көгi саған.
Үсен айтты:
Қиярдың пiскенi саған,
Көгi маған,
Асан айтты:
Қарбыздың iшi маған.
Сырты саған.
Үсен айтты:
Дүмбiлдiң iшi саған,
Сырты маған.
Асан айтты:
Капустаның көгi маған.
Пiскенi саған.
Үсен айтты:
Жүзiмнiң көгi саған,
Пiскенi маған.
Асан айтты:
Жуаның көгi маған,
Қурағаны саған.
Үсен айтты:
Күнбағыстың көгi саған,
Қурағаны маған.
Асан айтты:
Жаңғақтың дəнi маған,
Сырты саған.
Үсен айтты:
Алшаның дəнi саған,
Сырты маған...
Егес бiттi осымен,
Доғарды олар сөздерiн.
Неге бұлай айтысты,
Табыңдаршы өздерiң?
Ескен Елубаев тақпақтары ескен елубаев балаларға арналған тақпақ балабақшаға арналған тақпақ табу дос
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter