Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.05.2022
150
Тыңда сырымды
Айтылар бір жырым бар,
Ақтарар бір сырым бар.
Толқи тыңдап тұрыңдар,
Толқын атқан бұрымдар.
Бұлаң қаққан бұрымдар.
Тете өскен тел жүрек,
Сыр тасқынын ұғып қал.
Есіл жанар елжіреп,
Мөлт-мөлт етіп тұнып қал.
Тыңда, тірлік, тік тұрып,
Тыныштықты сақтап бір.
Тыңда айдың сүт нұры,
Шомылдырған аппақ қыр.
Тоқта, бұлбұл, жырласын,
Соқпа, самал ызыңды!
Тыңда сен де, сырласым,
Төмен салып жүзіңді.
Тыңда кəне, ал тыңда,
Жаудыраған ақ марал.
Жалпақ əлем алдында,
Жан сырымды ақтарам!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter