Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.05.2022
141
Эх, тəңір -ай! Өтпей жатып бір апта...
Эх, тəңір-ай! Өтпей жатып бір апта,
Тіптен сола қалғандай ма құрақта!?
Ауыл көркін бірге ала кетіпті-ау,
Қайран аққу қанат қағып жыраққа.
Бұлғақтатып он сегіз жыл өсірді,
О, сұм ажал енді неге есірді.
Күллі ауылдың шырағданы еді ғой,
Қатыгездік аямастан өшірді.
Енді оған наз айтпайды сырласы,
Гүлін ала жүгірмейді қыр басы.
Енді сұлу су алуға бармайды,
Бұратылып, сылдыр қағып сырғасы.
Уақыт та болып алған өтпейтін,
Сауық қайда осы ауылға беттейтін?
Бозбалалар қайда ғана жоғалған,
Қусаңдағы торауылдап кетпейтін.
Ақбас əже, ауыл болып күрсініп,
Ашынады сұм ажалға түршігіп.
Ілгеріге үмітпенен қарайды,
Тек тіршілік, қасиетті тіршілік!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter