Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.05.2022
117
Сағындым ғой, тауыстым төзімді мен...
Сағындым ғой,
тауыстым төзімді мен,
Түндерім көп
сені ойлап көз ілмеген.
Тапжылмастан
тұрғандай мына уақыт,
Сәтті ұзатып
кездесер өзіңменен.
Сағындым ғой,
тауыстым төзімді мен!
Қылаудай да
кіршігі сезілмеген,
Саған деген
мөп-мөлдір сезімменен.
Тұрғызамын
қиялмен зәулім сарай
Бақыт жайлы
күй шерткен кезімде мен,
Ұқсаған бір
ғажайып ертегіге
Қауышар сәт
елесі өртеді де,
Әлдиледі
сағыныш жүрегімді
Жетелеген
арманның көркеміне -
Ұқсаған бір
ғажайып ертегіге!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter