Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.05.2022
168
Дана да өзі мен үшін, дара да өзі...
Сені маған жамандаған
Жандардың жалаңдаған
Құлаққа ілмей бірінің сандырағын,
Кеудемде сенім отын жандырамын.
Аңсауменен. Арманмен арпалысып,
Таңдарды таңға ұрамын...
Неше түрлі жалған сөзді жүрсін гулеп,
Ішінде ит ұлыған күншілдер көп.
Айтар, бәлкім:
«Алданып жүрсіңдер» деп.
Оттай берсін!
Көргем талай
Зұлымдық, мыстандықты,
Қастандықты, залалды, іш тарлықты.
Өзің ғана, қаласаң, сөндіре алар
Мендегі бар іңкәрлік, құштарлықты.
Мені саған жамандаған
Жандарды тыңдайсың ба?
Сенесің бе?
Соларға ересің бе?
Әлде үнсіз қамығып, шыдайсың ба?!
Өз еркің!
Көңіл деген жүйрікке билік жүрмес,
Мен нақұрыс емеспін сыйды білмес.
Өз еркің!
* * *
Ұзатып сап керуенін сан күндердің,
Түріп тастап түндігін сан түндердің,
Өткеніңе көз жіберіп қарасаң,
Өршітесің өкініштер дүрмегін..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter