30.05.2022
  153


Автор: Марат Нұрқалиев

Түлкі мен қораз

Қарны ашып бір түлкі
жортып жүріп,
Жақын маңнан бір ауылды
тауыпты.
Жылмаңдады, жылмиып,
жорта күліп,
Көргеннен-ақ
дуалдағы тауықты.
– Қанаттым-ау,
не естідің, не білдің?
Патшамыздың шығыпты ғой
жарлығы:
«Бұдан былай
достассын да, біріксін
Жер жүзінде
аң мен құстың барлығы!»
Түссеңші енді,
дос жандарша жүрейік,
Қол ұстасып,
шалқып өмір сүрейік! –
Деді залым
асырмақ боп айланы,
Бірақ қораз мойнын
бұра қоймады.
– Шақырғалы жүр едім
қонақ болып кетсін деп,
Әне, тазы келеді
осылай қарай бет түзеп.
– Ойбай, онда
мен кетейін тезірек!
– Жан-жануар дос емес пе,
неге қалдың безеріп?
– Ол ақымақ сауатсыздау
делқұлы ғой,
Бұл жарлықты
естімеуі мүмкін ғой...
* * *
Байқап жүрсек
бар ғой әлі арамызда
Ертегінің түлкісі де,
қоразы да!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу