Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
30.05.2022
181
Жамбыл ата Тбилисиде
Мерекесін Шота Руставелидің
Атап өтті ақындары сан елдің.
Жамбыл ата жалын атқан жырымен
Жеткізді онда Қазақстан сәлемін.
Пушкин менен Лермонтов та жыр еткен
Қарт Кавказға сүйсініп шын жүрекпен,
Алатаудың ақ иығы – қарт Жамбыл
Жыр нөсерін ағытты ақ тілекпен.
...Салтанатқа ақын кіріп келгенде,*
Өлеңімен өрмек өріп бергенде
Тағзым етті Тбилиси тік тұрып,
Руставели өзі кіріп келгендей!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter